Page 132 - karagandy_zhumyszhylarynyn_angime_zhyrlary
P. 132

Шомылдық     еңбек  пен  терлерге
                            Құрбан   болсын  сендерге,
                            Қидық   қасық   қанымыз,
                            Қанымыз    түгіл  жанымыз,
                            Не  қыламыз   бұларды,
                            Аямаймыз   бәрін  біз.







                                  ҚОТАРЫП,   ҚОПАРЫП
                                      КӨМІРДІ 147
                            Қотарып,   қопарып  көмірді,
                            Жайнатқан   жарқын   жаз  өмірді.
                            Әкеп  ек  шахтаға  комбайн,
                            Ауыр   іс  әп-сәтте-ақ  жеңілді.

                            Рахмет   Ұлы  Отан  — анамыз,
                            Өсірген  мәпелеп  санамыз.
                            Көмірмен   заводқа  жан  беріп
                            Адымдап   алға  біз  барамыз.





                                   КӨМІРМЕН  ЖАУДЫ
                                      КӨМІҢДЕР!  148
                             Ал  бастайын  жырымды,
                             Айтайын  халқым   сырымды.
                            Халықпенен   сырласу
                            Әдетім  еді  бұрынғы.
                            Алпыстан   астым  мен  Болжан,
                            Жасымнан    жыр   толғанған.
                             Ел  көшкенде,  мен  көшігі,
                             Елмен  бірге  мен   қонғам.
                             Ел  мұңына  ортақ  боп,
                             Ел  шаттанса,  шаттанғам.
                             Ел  аттанса  майданға,
                             Мен  де  бірге  аттанғам.
                             Аттанғанда  майданға,
                             Жүректе  бір  сөз  сақталған.
                             Ол  сөз  —  ұлы  партия
                             Халықтың   ісін  атқарған.
                             Бастағалы  данышпан
                             Талай  жау  болды  тас-талқан.
                             Талқан  болды  тағы  да
   127   128   129   130   131   132   133   134   135   136   137