Page 131 - karagandy_zhumyszhylarynyn_angime_zhyrlary
P. 131

Қаһарман   қайыспайтын  бітіп  қайрат.
                        Он  есе  тонна  көмір   қопарған  ер
                        Ісіне  таңғалыпты  ауыл-аймақ.
                        Омырауда   жарқыраған   қос  ордені
                        Сый-құрмет   белгісі  екен  болған  айғақ.
                        Құз-жартас,  қара  көмір  тізе  бүккен,
                        Қарсылық   білдіруге  табан  тайған.
                        Сол  ердің  салты  елге  аңыз  болған,
                        Әр  аңыз  ісіне  ерлік   қарттың  толған,
                        Жастарға  сан  мыңдаған  үлгі  берді,
                        Лавада   қиын-қыстау  болып   қорған.





                             АЯМАЙМЫЗ    БӘРІН  БІЗ 146

                                       (Үзінді)
                           Патриот-қаһарман,
                           Әлемге  даңқы  таралған,
                           Шым   болаттан  жаралған
                           Айбынды   Ленин   қаласы.
                           Ленинград   батырым,
                           Соғыстың  табад  ақылын.
                           Талай  соғыс  көргендер,
                           Жауына   соққы  бергендер  —
                           Большевик   өңшең   қайратты.
                           Қайратыңа   сүйініп,
                           Тылыңдағы   жатқан  біз,
                           Қыру  үшін  жауызды
                           Бар  керегін  береміз.
                           Көмір,  мыс,  мұнай,  қорғасын
                          Өндірдік  мың-мың   тоннасын.
                           Колхоз,  совхоз  тағы  да
                          Жауға   қарсы  жабыла.
                           Етті,  майды,  бидайды
                          Молайтты   үйіп  еліміз.
                          Телегей-теңіз  көк  егіс,
                           Неше  алуан  мол  жеміс,
                          Майыстырып    жер  жүзін,
                           Сау  жер  қоймай  ектік  біз.
                          Тізеңді  қостың  біздермен
                          Қалмаймыз    біз  де  сіздерден
                          Өшірейін   ұзатпай,
                          Үрген  иттің  үнін  тез.
                          Ленинградтық    ерлерім,
                           Қаһарман   кеменгерлерім,
   126   127   128   129   130   131   132   133   134   135   136