Page 130 - karagandy_zhumyszhylarynyn_angime_zhyrlary
P. 130

Москвадан  өмір  емес,  өлім  алды.
                             Москва  — ел  жүрегі,  асқан  алып,
                             Сұм  Гитлер  төнсе  оған  қанжар  жанып.
                             Берлинді  өмірі  іздеп  таба  алмастай,
                             Тұмсығын   жібереміз   қанға  малып.








                                            БЕКБОСЫН  145

                                                 I


                            Жас  шағың  қайла  шапқан  өткені  ме,
                            Қарамай   алды-артына   кетмені  ме!
                            Бойыңа   кәрілікті  жуытбаушы  ең,
                            Қанатын   серпе   қағып  жеткені  ме?
                            Қарашаның    айы  туып,   қар  бұрқырап,
                            Басыңа   көбік  қарды  сепкені  ме?
                            Ақбас  нар  тұра  алмастай  белі  үзілген,
                              Кәріліктен қайла  шаппай  шөккенің  бе?
                            Жақсы-жаман    көп  көрген   қадірлі  аға,
                            Жастықтан   кәрілікке  көшкенің  бе?
                            «Бекбосын   пәлен  тонна  көмір  шапты»,—
                            Тізімнен  деген  сөздің  өшкені  ме?
                            Қарт  Бекең  сонда  отырып  намыстанды:
                            «Бір  жастан  әлде  болса  қайыспанды»,  —
                            Деді  де  орынынан  түрегелді,
                            —   Сөзіңнен  Тәужи  ақын   қайыспанды.
                            Бұл  өңір  екеуімізге  белгілі  жер,
                            Сан  рет  маңдайымнан  ағылған  тер,
                            Менімен  лаваға  бірге  түс  те,
                                               етіп
                            Құз  бұзар  талқан  ІІ   күшімді  көр.



                            Бекбосын  дулығасын   киген  басқа
                            Жарасар   киген  басқа  темір  каска.
                               Шахтаға қайла алып қайта оралған,
                            Батырың   дәл  сол  кезде  жетпіс  жаста.
                            Қаһарман   қайыспайтын   қайраты   асып,
                            Үш  жүз  алпыс  тамырдан  қаны  тасып,
                            Жосылта   көмір  шауып  кетіп  барад,
                            Қамалға   енген  ердей  өрлей  басып.
                            Бұлақтай  Бекбосын  ер  күші   қайнап,
   125   126   127   128   129   130   131   132   133   134   135