Page 129 - karagandy_zhumyszhylarynyn_angime_zhyrlary
P. 129
Екі міндет алдыма;
Алып ағаң Донбастың
Планын бірге атқарам!
Қарағанды астанам,
Сертті күн туды басыңа,
Сілкінбесең — саған серт!
Қарағанды ұлдары,
Үлкен міндет басыңда,
Үлгірмесең — саған серт!
Майданнын жырын жырламай
Тоқсаннан асқан жасымда,
Үйде отырсам — маған серт!
Ал, жауынгер, ұл-қызым,
Қайланы қолға алайық,
Ер майданда, біз мұнда
Көмірге майдан салайық,
Майдан мен тылдың арасын
Тұтастырып байлатып,
Көмірден жол салайық!
ҚАШҚАН ЖАУ САСҚАЛАҚТАП
ЕСТЕН ТАНДЫ 144
Жел керген желіктіріп, жан таласып,
Желкемнің кенебіндей аузын ашып,
Жексұрын жиренішті басқыншылар
Ежелден ел талауды етті машық.
Еліріп ел тонағыш күн-күн сайын,
Әлемді жұтатұғын мен деп жайын.
Атылды арыстандай мерт болуға,
Елімнің алмақ болып күн мен айын.
Москваға салды дұшпан бар салмағын,
Мақтанып жариялады тез алмағын,
Қасқайып қаймықпастан қарсы тұрды,
Алып күш Қызыл әскер қырандарым.
Саны көп, сайланған жау күшті залым,
Жорықтан аяған жоқ бойда барын,
Шатырлап найзағайдай қызыл ерлер
Сақтауға Москваны салды жанын.
Елі үшін тікті басын, қанын, жанын.
Қырандай қатуланды қаһарманым.
Қирата тіс-тұмсығын соғып еді,
Сүмеңдеп көрдік жаудың қашқандарын.
Қашқан жау сасқалақтап естен танды,
Быт-шыт боп жорықтары адыра қалды,
Гитлердің қалың қолы келген қаптап,