Page 128 - karagandy_zhumyszhylarynyn_angime_zhyrlary
P. 128

Жерімді  басып  кіргенде,
                              Ауыздықпен   су  ішер
                              Ат  басына  күн  туып,
                              Етігімен  су  кешер
                              Ер  басына  күн  туып,
                              Қаралы   күн   қатерлі
                              Халық  басыиа  төнгенде,
                              Майданға   шықпай,  қорғамай,
                              Үйде   қалай  жата  алам!?
                              Тұлпар  мініп,  ту  ұстап
                              Ата-бабам   қорғаған,
                               Ұлдан ұлға қалдырған,
                              Алтын   астау   қазынам  —
                              Жерімді  қалай  бере  алам?
                              Алпыс   ұлттан  бар  халқым
                              Бүтін  туып,  бір  болып,
                              Қара  жүрек  фашистке
                              Ертенгі  күн   құл  болып,
                              Бас  игенін  бағынып,
                              Тоқсаннан  асқан  жасымда,
                              Қалай  шыдап   көре  алам?
                              Атаның   қарт   қонысы  —
                              Жер  кіндігі  елімнің,
                              Ел  кіндігі  ерімнің,
                              Атаның   алтын  хабырын
                              Қолдан   қалай  бастырам?
                              Ел  қорғайтын  ер  туған,
                              Майданға   ермен  бел  буған,
                              Еркін  жүріп,  ерке  өскен
                              Қызымның    бетін  фашистке
                              Алдымда   қалай  аштырам?
                              Жоқ,  болмайды,  болмайды,
                              Ол  күндерді  көре  алман,
                              Елді  жауға  бере  алман!
                              Олай  болса  тік  тұрып,
                              Көтеріл   қалмай,  бар  халық,
                              Майданға   шық,   ұл  мен  қыз,
                              Партия  берген  туды  алып.
                              Тобасына   таянтпай,
                                Қызыл қанға  боялтпай,
                              Қанға  —  қан,  жанға  — жан  алмай,
                              Кек  алып,  жауды  мұқатпай,
                              Бұл  майданнан  қайтпалық!
                              Ал,  майданшыл  ер  халқым!
                              Ал,  жеңімпаз  ұлдарым!
                              Қарағанды,   бас  көтер!
                              Қайратың   тасты   қайтадан,
                              Жауынгер   туған   ұлдарым,
                              Сендермен   бірге  аттанам.
   123   124   125   126   127   128   129   130   131   132   133