Page 127 - karagandy_zhumyszhylarynyn_angime_zhyrlary
P. 127

Дүниенің  тағын  мінем,  — деп.
                     Ләшкер   жинап  нешелеп
                     Найза   ұшына  ілем,  — деп,
                     Шарлап   жүріп  дүниені
                     Қаза  тапқан  жеңіліп.
                     Батысқа   тартып  шығыстан
                     Маңғұлдан   шыққан   Шыңғыс    хан,
                     Жолы   болып  қызыл   қан
                     Күн  көзін  басып  шаң-тозаң,
                     Дүниені  билеп  алам,—деп,
                     Алысқа  үдей  шабам, — деп,
                     Жан   таласқан  жорығы
                     Іріткі  шығып  ішінен,
                     Жеңіліп  менін  жерімде
                      Қолдарынан берген жан.
                     Шығысқа   тартып   ұзақ  жол,
                     Соңына  ертіп  қалың  қол,
                      Европадан жер  билеп,
                      Табанға салып  елді  илеп,
                     Құшағына   жер  шарын
                      Қусыра тартып   алам,—деп,
                     Жер   қайысқан   қолымен
                     Наполеон  бір  кезде,
                     Екі  ай  тұрып  жерімде,
                      Қарата алмай  елімді,
                     Маңдайында   Москваның
                     Тасы тиіп шегініп,
                      Қайтын еді  еліне,
                     Масқара   болып   жеңіліп.
                     Осыдан  кейін  немістер
                     Талай  шапқан  еліме,
                      Қан саусағын қадалтып
                     Салмақ  болған  жеріме,
                     Бірақ  біздің  батыр  ел
                     Жуытпаған   шеніне,
                     Фридрих   патшасын
                     Айдап  шыққан  төрінен,
                      Берлиннен әрі  асырып
                     Өзінің  қазған  көріне.
                     Тарихында   елімнің,
                     Оқиға  көп  осындай,
                     Жеңу  деген  біздің  салт
                     Салтты  қуу  біздің  шарт.
                     Елім  батыр,  жерім  бай.
                     Жері  байдың  елі  бай.
                     Отырар  ма  ұл-қызым
                     Ел  байлығын  қорғамай.
                     Қарақшы   Гитлер   қан   құмар
                     Еліме  басып  тигенде,
   122   123   124   125   126   127   128   129   130   131   132