Page 126 - karagandy_zhumyszhylarynyn_angime_zhyrlary
P. 126
14
ЖАУҒА СОҚҚЫ БЕРЕЙІК *
Міне, халқым, күн туды,
Аттануға жүмыла.
Қорғау міндет Отанды
Елдің адал ұлына.
Ал қаруды қолыңа,
Сал малыңды жолыңа,
Аянар бұдан не жан бар?
Түсейік жаудың соңына.
Аспанда жүрсе қуалап,
Судай жерге төгейік.
Жерде жүрсе, жебірлеп,
Жер астына көмейік.
Оғына қарсы оқ атып,
Қылыштан алмас өткеріп,
Жауыздың қанын төгейік.
Келіп шеттен киліккен,
Құртайық жаудың қарасын.
Қарақшылар қан ішер,
Алмасын елдің мазасын.
Зәрін шашқан жыланның,
Желкесінен басуға.
Улы тілін суырып,
Қанын судай шашуға.
Ұлы Отанды қорғауға,
Ел боп көмек берейік.
Мұнай, алтын, көмірмен,
Мыс, қорғасын, темірмен,
Кенменен көмек берейік.
Сөз білетін қария,
Тілмен көмек берейік...
Біріміз қалмай топтанып,
Отанға келген оғырға
Аяусыз соққы берейік.
ЕЛДI ЖАУҒА БЕРЕ
АЛ МАН! 143
Мен арқалық кәрі шал
Көп естідім, көп көрдім,
Тарихын білем көп жердін,
Сол елдердің жауынгер
Естідім талай ерлерін.
Зұлхарнайын Іскендір —