Page 125 - karagandy_zhumyszhylarynyn_angime_zhyrlary
P. 125

Жауынгерлік    жігеріңді  үдеттің,
                  Күншілдер   де  көре  алмаған   қорланды.

                  Жалғыз   Торғай  сен  емессің,  бір  ғана,
                  Әйелдер   көп  талай  озып  ту  алған.
                  Сен  бақытты,  сен  ардақты  жауынгер,
                  Еңбегіңе  ел  сүйсініп  қуанған.






                         АШЫЛМАСЫН     АРАНЫҢ 141

                     Гитлер  деген  арамы
                     Ашылып   тағы  араны,
                     Аш  бөрідей  жалақтап,
                     Құтырған  иттей  алақтап
                     Шапты   менің  жеріме.
                     Аспаннан  бомбы  тастады,
                     Соғыста  өзі  бастады,
                     Сөйтіп  тағы  тиісті,
                     Қан  шеңгелдеп  туған  ит  —
                     Адамзаттың   қастаны.
                     Бірақ  біздің  еліміз,
                     Елден  туған  еріміз
                     Сендей  иттің  талайын,
                     Жер  бетінен  жоқ   қылып,
                     Беруші  еді  сазайын.
                     Апшысын   тез   қуырып,
                     Азу  тісін  суырып,
                     Аузы-мұрнын  -қан  қылып,
                     Жүрмес  үшін  итше  ұлып,
                     Көзін  жылдам  жоялық.
                     Өзі  тиген  сұм  Гитлер
                     Жатсын   қанға  боялып.
                     Ей,   қан   қүмар,  ендеше
                     Ойлағаның   болмайды.
                     Біз  күштіміз  ежелден
                    Ұрғанымыз   оңбайды.
                     Домбырамды    қолға  алып,
                     Қыран   құстай   қомданып,
                     Сені  Гитлер  жоюға
                    Керек болған сағатта
                    Мен  де  барам  майданға.
                    Сонда  өлеңнің  оғымен,
                    Сөздің  ыстық  шоғымен
                    Гитлер  сендей  жауызды
                    Жоқ   қылармын   майданда.
   120   121   122   123   124   125   126   127   128   129   130