Page 8 - karagandy_zhumyszhylarynyn_angime_zhyrlary
P. 8

ралады.  Суырып  салып  айтылған  бұл  өлеңдердін  көбі  ұүмытылған;
              ел  есінде  жұмысшылар  өміріндегі  есте  қаларлық  белгілі  бір  оқи-
              ғаға  байланысты  айтылғандары   ғана   қалған  және  айтушылардың
               өзі де — сол  өлеңдердің  тууына  себепші  болған  оқиғалардың  куәсі,
              не  сол  оқиғаларды  естіп  білген  адамдар.  Бізге  жеткендері  де  сон-
              дайлары  ғана.
                 Совет  дәуіріндегі  жаңа  өмір,  жаңа  тұрмысқа  байланысты  жұ-
              мысшылардың    өскен  рухани  ой  байлығына  советтік  баспасөз  қада-
              ғалап   қамқорлық  жасап  отырды.
                 Сөйтіп,  совет  дәуіріндегі  жұмысшы  поэзиясы  ел  арасынан  жина-
              лумен   қатар   Қарағандының  облыстық  халық  творчествосы  үйінің
              архивінен  және  «Советтік   Қарағанды»  газетінен  іріктеліп  алынды.
                 Бұл  мақалада  сол  жұмысшылардың   әңгіме-естеліктері  мен  өлең-
              жырларының    тарихтылығына    және  туу  мәселесіне  ғана  тоқтала-
              мыз.
                                               III
                 Осы   жинаққа  кіріп  отырған   Қарағанды,  Екібастұз  жұмысшы-
              ларының   өлең-жырлары   мен  аңыз-әңгімелерінің  туу  тарихы  және
              оның  дамуы  жұмысшы   табының  тууы  және  қалыптасу  тарихымен
              тамырласып   жатады.  Ал,  жұмысшы  табының  тууы  мен  қалыптасуы
              өндірістің  ашылуы  және  ірілей  дамуымен  байланысты.
                 Ел  аузындағы   аңызға   қарағанда,   Қарағанды  көмірін  тұңғыш
              рет  Апақ  деген   қойшы  тапқан.
                  1833  жылдың  жазында  Қарағанды   маңындағы  өзек  жерде  Апақ
              деген   қойшы   қой  жайып  жүріп,  суырдың  қазған  інінен  жып-жыл-
              тыр  қара  тас  тауып  алады.  Әуелде  оны  «қара  бояу»  деп  ойлайды.
              Кешкілікте  үйіне  келген  соң  жүн  бояп  көреді.  Бірақ,  бояу  емес
              екеніне  көзі  жетеді.  Бұл  тастың  не  екенін  үй  іші  болып  шеше  алма-
              ған  Апақ  ауыл  адамдарының   сарабына  салады.  Кешкіліктегі  жа-
              ғылған  оттың  жарығымен    аударып,  төңкеріп   қарасып  отырғанда
              тастың  бір  түйірі  отқа  түсіп  кетеді,  тас  жана  бастайды.  Сол  жерде
              бүл  жәй  тас  емес,  «жанатын  тас»  екен  деген   қорытындыға  келеді.
                  Ертеңінде-ақ  «отқа  жанатын  ғажайып  тас»  туралы  хабар   қа-
              лың  елге  тарап  кетеді.  Бұл  хабар  сол  кездегі   қыр   қазақтарынан
              алдап-арбап   арзанға  мал  алып,  Хива  менен  Бұхардың  базарына
              өткізіп  жүрген  Петропавельдің  Никон  Ушаков   деген  атақты  сау-
              дагер  байының  құлағына  шалынады.   Ұрымтал   жерден  отын  іздес-
              тіріп  жүрген  Ушаков  Апақ  тапқан  көмірді  көзімен  көріп,  сол  жер-
              ді  сатып  алады.                              '
                  Кірін  жуып,  кіндігін  кескен,  мал  жайылымдық  ата-қоныс  меке-
              нінен  айрылған  халық  күйзеліске   ұшырайды.   Қарағанды  облысы-
               ның  1950  жылы  қайтыс  болған   қарт  ақыны  Жолдекей  Нұрмағам-
               бетовтен  1947  жылы  ақын   Қ.  Мұқышев  жазып  алған  «Боздақтың
               Қарабақсы  бел  баласы»  деген  бір  өлеңінде  Нілді  жерінен  айрылған
               жергілікті  халықтың  сол  кездегі  аянышты  халі:
                              Боздақтың   Қарабақсы  бел  баласы
                              Ашылды  кесірінен  ел  арасы.
   3   4   5   6   7   8   9   10   11   12   13