Page 124 - karagandy_zhumyszhylarynyn_angime_zhyrlary
P. 124
Қорқау-арсыз фашистер соқтықпаса,
Отаным өз бетінше оқ атпайды.
Кең алып байтақ жатқан жер де бізде,
Сый-құрмет тұтатұғын ел де бізде.
Ұйымшыл, бір-бірімен бауырмашыл,
Түрақты, бір-ақ бетті ер де бізде.
ТОРҒАЙҒА* ТАРТУ 140
Көк-көгілдір күлімдеген көгімнің,
Асқарында түтіні асқан көмірдің
Арасынан қара алтынның жарқырап,
Торғай көзге Алатаудай көріндің.
Алтын таңда иранбақта сайрандап,
Бұлттан өтіп аспан асып керілдің,
Жер дүңкітіп, тітіреткендей аспанды
Айқайымен көп гудоктың елірдің,
Ақ төсіңді айға төсеп керілткен,
Сүйген күні майдағы бір еліңнің,
Батыр шықты әйелдерден батымды
Шыңына да шыққан шырқап елімнің,
Жүз мыңдаған еңбек ері әйелдер
Ауыл, колхоз, өндірісті жерімнің.
Соның бірі — қарындасым Торғайсың
Бақша ішінде сылаңдаған хордайсың.
Хордай қылып түрлендірген құлпыртып,
Біздің дәуір, біздің заман ұлғайсын.
Ақ ниетпен шыныңменен берілдің
Үлы ісіне игілікті елімнің.
Борандатып, бұрқыратып, қопарып,
Күш көрсеттің майданында көмірдің.
Асырумен орындадың нормаңды,
Өнімге өнім ай, жыл сайын болғанды.
* Шахтер қыздың аты.