Page 123 - karagandy_zhumyszhylarynyn_angime_zhyrlary
P. 123

Білімнің  дариясына  адам  сүңгіп,
                       Көк  асты  қаһарлы  қар  мұздарды  үңгіп.
                       Тұңғиық   түпсіз  шыңырау   қара  жардан
                       Жол   ашып  жарқыратты    жарық  күн  ғып.
                       Шегі  жоқ  білім  берген  Ленин  тірі,
                       Санайды   елі  дағы  мәңгі  тірі.
                       Мыңдаған   кітаптары  тірлікке  айғақ,
                       Жазылған   жүрттың   сүйер  әділ  сыры.






                               МӘҢГІ  ӨЛМЕЙДІ  13 8

                       Сайрашы   сандуғаштай,  тілім  менің,
                       Өсиетін  есіңе  алып  бабам  Ленин,
                       Әлемге  ерлігі  әйгі  данышпанды
                       Шырқайын   әнге  салып  білім  кенін.
                       Шын   өткір  —  алмас  семсер,  асыл  болат,
                       Сара  жол — түзу  даңғыл,  емес  сорап,
                       Құрметті  ер  арамыздан  кеше  кетті,
                       Болған  соң  дүние  мәңгі,  өмір  шолақ.
                       Қырағы   қиядағы   қыран  болат,
                       Қиынның   қиясына   қаққан   қанат.
                       Қайраты  қамал  бұзды  қаһарманның,
                       Тұтқыннан   елді  айырды  етіп  азат.
                       Шаттықта  бүгін  міне  азат  елің,
                       Алды  елім  жер  шарынан  өмір  төрін.
                       Толықсып  толған  айдай   ұлы  мен  қыз,
                       Шыбықтай   сәулетті  өсті  жас  көгерім.
                       Жас  жанат  күнде  жайнап  өсті   қайнап,
                       Алған  соң  зор  право  теңдік  тегін.
                       Сыпаттар  тілім  жетіп  айта  алмаймын,
                      СССР-дің   қызығының   мыңнан   бірін.
                      Тапсырған   өсиетің  орындалды,
                       Көлемін  кең  көсілтті  елім  жерін,
                       Еліме  ел  қосылып,  құт  орнады
                       Бөледі  бақ  дәулетке  кемеңгерім.
                       Шықпайсың   есімізден  сағат,  минут,
                      Тірісің,  мәңгі  өлмедің,  бабам  Ленин.





                             ӘДІСТІ,  ӘДІЛ  ЕЛГЕ  ЖАУ
                                  БАТПАЙДЫ  139
                      Әдісті,  әділ  елге  жау  батпайды.
                      Әділді  әрқашан  да  ел  жақтайды.
   118   119   120   121   122   123   124   125   126   127   128