Page 7 - karagandy_zhumyszhylarynyn_angime_zhyrlary
P. 7

деген  тексті  келтіріліп,  бұл  өлеңдердің  біріншісінің  авторы  1934
         жылы   қайтыс  болған  Соқыр-Қақпан    екендігі,  екіншісінің  авторы
         белгісіз,  бірақ   Қарағанды  жұмысшыларының  арасында   туғандығы
         айтылады.
            А.  Хавин  өзінің  «Қарағанды  — СССР-дің  үшінші  көмір  базасы»
         (орыс  тілінде,  1951)  деген  кітабында  көптеген   қарт  кеншілердің
         естелігін  пайдаланады.   Қарт  кеншілердің   революцияға   дейінгі
         өмірінен  туған  әңгімелеріне  1952  жылы   «Советтік   Қарағанды»
                                   6
         газеті  арнаулы  бет  береді .
            1924  жылы   «Жас   қазақ»  газетінің  10—11-сандарында   халық
         арасында   1915—1916   жылдардан    бастап   қ азақ  тілінде  таралған
         орыс  жұмысшыларының     революциялық   гимні  «Батыл  бас   аяқты,
         жолдастар!»  деген  өлеңінің  бір  нұсқасы  жарияланады.
            Қарағанды   жұмысшыларының     дәм-тұзын  көп  татқан,  өткені  ту-
         ралы  әңгіме,  жырларын  көп  тыңдаған  жазушы   Ж.  Өмірбеков,   Қ.
         Мұқышев,   Д.  Әкімбеков  сияқты  ақындар  да   қазақ  жұмысшылары-
         ның  өлең-жырларын    жинауға  көп  үлес   қосты.
            Қазақстан  Орталық   партия  Комитетінің  1947  жылғы  идеология-
         лық  мәселелерге  байланысты  қаулысынан   кейін   Қ азақ  ССР  Ғы-
         лым  академиясының   Тіл  мен  әдебиет  институты  да  жұмысшылар
         ауыз  әдебиетіне  назар  аударды;  әдебиет  тану  ғылымында таяу  ара-
         да  зерттелуді  керек  ететін  күрделі  тақырыптардың  бірі  етіп   қ азақ
         жұмысшыларының      әңгіме,  жырларын  жинау,  оны  зерттеу  мәселе-
         сін   қойды.  Осыған  байланысты  Тіл  мен  әдебиет  институты  1951
         жылдан   бастап  Қазақстандағы  ірі  өндіріс  орындарының  бірі—Қа-
         рағандыға  және  Қарағандымен   іргелес жатқан  Екібастұз,  Успенскі,
         Жезқазған   өндірістеріне  бірнеше  экспедициялар  шығарды.
             Экспедициялар   жинаған  материалдар   жұмысшылар    ауыз  әде-
         биетінің  революцияға  дейін  де  болғандығын  анықтады  және  совет
         дәуірінде  оның  дами  түскендігін  дәлелдеді.  Соның  нәтижесінде  қа-
         зақ  халқының   ауыз  әддебиеті  жөніндегі  соңғы  жылдары  шыққан
         зерттеулерде   қазақ  жұмысшылары   ауыз  әдебиетінің  де  кейбір  мә-
         селелері  әңгіме  болды. 7  Академик  Мұхтар  Әуезовтің  «Ертегілер» 8
         деген  көлемді  еңбегінде  тап  тартысының   шиеленіскен  дәуірінде
         туған  жаңа  тап  — жұмысшылар    арасында  бұрынғы   халықтық  ер-
         тегілердің  жаңа  түр,  жаңа  мазмұн  алғандығы  және  бұрынғы  салт
         ертегілерінің  жалғасы  ретінде  жұмысшылардың   өмірбаяндық  «бол-
          ғандар»  үлгісінде  аңыз-әңігімелерінің  туып,   қалыптасып  келе  жат-
         қандығы   айтылады.  Осымен    байланысты    сол  әдебиеттік   асыл
          бұйымдардың   соңғы  уақытқа  дейін  жиналмай  келгендігін  аша  оты-
          рып 9  болашақта  өзгеше   ұқыптылықпен  жинап,  тарихи  дәуірімен
         ұштастыра   зерттеудің  қажеттігі  айтылады.  Сондықтан  да   сауат-
         сыз  халықтың  арасында  ол  шығармалар   ауызша  туып,  ауызша  та-
             6
              «Советтік   Қарағанды»,  1952,  30  август.
             7  Очерки  казахской  народной  поэзии  советской  эпохи,  т.  I,  Алма-Ата,  1955;
          Ц.  Ш а л а б е к о в .  Империалистерді  әшкерелейтін  жырлар,  «Әдебиет  және  ис-
          кусство»,  1953,  №  6.
             8  «Әдебиет  және  искусство»,  1956.  №  2  —  3.
             9
              Сонда.  №  3.  117-бет.
   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11   12