Page 6 - karagandy_zhumyszhylarynyn_angime_zhyrlary
P. 6
-жырлары сол жұмысшылардың әр дәуірдегі көзқарастарын біл-
діретіндігі даусыз болмақ.
Советтік ғалымдар жұмысшылардың өлең шығармалары мен
аңыз-әңгімелерін жинауға шұғыл кірісті. Олар өндіріске, экспеди-
цияға барды; жұмысшылардың мәдени мұрасын — ауыз әдебиетін
жинады. Экспедициялық жұмыстардың нәтижесінде 30-және 40-
жылдары орыс жұмысшылары ауыз әдебиетінің бірнеше жинақта-
ры мен арнаулы зерттеулері шықты.
Ал, қазақ жұмысшыларының әңгіме-жырларын жинап, оны
зерттеу әдебиет тану ғылымында соңғы уақытқа дейін күрделі мә-
селе етіліп қойылмай келгені белгілі. Бірақ творчествосы жеке жи-
нақ болып оқушыларға ұсынылып отырған (осы кітапты айтамыз)
Қарағанды жұмысшыларының Октябрьге дейінгі өмірінен туған
кейбір әңгіме-жырлары 30-жылдардан бастап-ақ баспа бетін көре
бастады. Бұл жылдары Жабай Тоғандықовтың (13—14 жасынан
бастап өмірін жұмысшылықпен өткізген адам) 1916 жылы шығар-
ған «Қорек қып жарым қ адақ қара нанын» (17/ІХ— 1936) де-
ген өлеңі мен 1939 жылы авторы белгісіз «Арқаның қос өзені Есіл,
Нұра» деген өлеңдер «Советтік Қарағанды» (12/ІХ— 1939) га-
зетінде жарияланды. Осы газеттің 1936 жылы 15 августегі санын-
да «Ердің сыры» деген тақырыппен қарт кенші Мағауия Рақышев-
4
тің естелігі басылды .
1946 жылы Қ азақ ССР Ғылым академиясының Тарих, археоло-
гия және этнография институты бастырып шығарған Балхаш
Әбиевтің «Қарағанды кені» дейтін кітабында:
Жолығар пәнде өмірдін әр ісіне,
Нілдінің тас ұнталар дәрісіне.
Қыдырғанда қызырдың ізін басып,
Кез келдім Байшағардың өлісіне (23-бет).
Және:
Әуелі бісміллә деп сөзді бастап,
Бұлбұлдай тілді безеп мен бір қақсап,
Ел тозған, заман азған турасында,
Артыма кетейінші аз сөз тастап.
Жатқанымыз ағылшынның казарма үйі,
Лас, былық, жан тынығар жоқ бір күйі.
Жүргеніміз жер асты күңгірт білте шаммен
Адамның айналғандай баста миы.
Сатыдан күнде түсіп блужка 5 алып
Осындай күйде жатыр талай халық.
Жас өмір жапан түзден күн кешіп ек,
Япырмау көрерміз бе енді жарық?
Қайғылы мұңды болып ғазіз басы,
Төзімсіз күйде кешіріп өмір жасы.
Зорлықты тартып жатқан сан мұлықпыз (34-бет),—
Осы жинақтағы 14-санды әңгіме-естелік.
5 Октябрьге дейінгі шахтерлердің жер астында ұстайтын қара не көк май-
мен жанатын шамы. «Блужка» — «блуждать» деген сөзден туған.