Page 108 - karagandy_zhumyszhylarynyn_angime_zhyrlary
P. 108

Қажымайтын    істе   қиын,
                      Батыр  тұлға,  шахтер  ерге
                      Беріп  жатыр  жер  де  сыйын.
                      Шығып   жатыр   көмір  кені,
                      Қандай  әділ  кеңес  елі,
                      Жылы   жүзбен   етер   құрмет
                      «Ударник»  деп,  жаным,  мені.
                      Тағы  айтайын  мұның  жайын,
                      Тұрарлық   болсақ  іске  дайын,
                      Біз  жұмыскер   қажымайтын
                      Өнімді  еңбек  еткен  сайын.
                      Мынау   білек,  мынау  қайла,
                      Бойға  біткен  әдіс-айла,
                      Кімге   қарсы  жұмсалмады
                      Сонау  алыс  күндер   қайда.
                      Сүліктей  бізді  сормап  па  еді?
                      Өткенде  сонау  қуғандар  пайда.
                      Қалмап   па  еді  талай  достар,
                      Аштықтан   өліп  өзек-сайда?
                      Құтқарған   одан  Октябрь  таңы,
                      Бостандық   алды  кедейлер  табы.
                      Бастаған  соң  большевиктер
                      Жойылды    мәңгі  залымдар  заңы.
                      Жаңа   өмірге  бетті  бұрған,
                      Социалдық   жолда   тұрған,
                      Отанымның    тағдыры  үшін,
                      Өзім  түгіл  жаным   құрбан.
                      Шахты   түбі  тіпті  терең,
                      Шығамыз    түсіп  неше  кезең.
                      Қалыспаймын    жарыста   да,
                      Күнде   артық  норма  берем.






                               ҚҰРЫШ   ДЕНЕ,  СОМ
                                     БІЛЕК  1 7
                       Құрыш   дене,  сом  білек,
                       Жұмысшыны     кім  білді?
                       Ақ  ордасын  патшаның,
                       Туырлығын   сол  тілді.
                       Басшылық   етті  большевик,
                       Бастаған  көсем  Ленин.
                       Бостандық  алдың,  жұмыскер,
                       Енді  де  бар  ма  тілегің?
                       Бар  тілегің  әрине,
                       Оны  мен  де  білемін:
                       —  «Ауыздықтап  қара  айғыр
   103   104   105   106   107   108   109   110   111   112   113