Page 109 - karagandy_zhumyszhylarynyn_angime_zhyrlary
P. 109

Аттай  ерттеп  мінемін.
                                 Қөмірден  оған  жан  беріп,
                                 Зуылдатып   жүремін.
                                 Өмірде  адам  көрмеген,
                                Дәуренді  сүйіп  сүремін.»
                                 Ол  тілегің  орынды,
                                 Бойыңа  және  қонымды.
                                 Берді  Октябрь  мәңгіге,
                                 Көмірлі  бай   қорымды.
                                 Өндір  енді  көмірді,
                                Жұмыскерім,    көңілді.
                                Арнаймын    саған,  сондықтан
                                 Бұл  айтылған  сөзімді.







                                                       1
                                      ОН  БЕС  КӨМІРШІ *
                                Еңбек  ері  он  бес  батыр
                                Жас   большевик  — комсомол.
                                 Бригада   ұйымдасқан,
                                Тәсіл  күшті,  әдіс  мол.

                                Көмір  үшін  шын  күреске,
                                Жұмыла    тегіс  аттанды.
                                Бір  миллион  жеті  жүз  мың  тон
                                Деген   ұран  жатталды.
                                Шахта   ішінен  екпін  шуы,
                                Шақырлааған   бұрғылар,
                                  Ұшқындап от,  қарқын дуы,
                                Көмір  күйін  жыр   қылар.

                                Соқты  сомдап  жеңемін  деп,
                                Болат  тісті   қайланы,
                                Социалдық   жарыспенен,
                                Екпіндете  айдады.

                                Тасқын  судың  ағынындай
                                Қара  көмір  төгілді,
                                Динамиттер   бұрқ  еткенде,
                                Жер  қолтығы  сөгілді.

                                Толқын  әуе  таза  желін,
                                Шашты   ішіне  майдасын.
                                Деді,  шахтер,  еңбек  ері,
                                Айдасыншы,   айдасын!
   104   105   106   107   108   109   110   111   112   113   114