Page 105 - karagandy_zhumyszhylarynyn_angime_zhyrlary
P. 105

Жарыста   келсе  кім  озып,
                             Қызыл  ту  міне  соныкі.
                             Қызды  көмір  майданы,
                             Соқ,  батыра  кайланы!
                             Кім  көмірдің  батыры —
                             Қызыл  ту  соның  айғағы.







                             МЕН   ҚАЙЛАШЫ    ШАХТАДАҒЫ  114

                             Мен   қайлашы  шахтадағы
                             Еңбек  ері  Жүсіпбек,
                             Өткен  бір  сонау  зарлы  күнде
                             Еркін  өмір  сүріп  пе  ек?

                             Орындадым   әр  бір  айда
                             Жүз  елуден  нормамды.
                             Әдіс-айла,  тәжірибемді
                             Шабуда   көмір   қолдандым.

                             Еңбекпен  адал  тапқан  тиын
                             Мол  жетеді  өзіме,
                             Социалды   жарыста  озып,
                             Жұрттың   түстім  көзіне.

                             Көмір  күлін  азайтуға
                             Шапқан   өзім  көмірде,
                             Мақсатымыз    біз  жұмысшы
                             Ұстаймыз  оны  көңілде.

                             Беру  үшін  жақсы  көмір,
                             Екпінімді  үдеттім.
                             Техника  әдісіне
                             Бес  колхозшы  үйреттім.

                             Жер   астында  шебер  жастар
                             Құлатып   көмір  гулетті,
                             Жер   астында  жұмыс  істеп
                             Маторменен   құдіретті.

                             Тастан   қайтпас  жас  түлектер,
                             Жарыста   оз,  айдашы.
                             Кеңес  үшін  жанын   қиған
                             Әмбе  озат  қайлашы.
   100   101   102   103   104   105   106   107   108   109   110