Page 106 - karagandy_zhumyszhylarynyn_angime_zhyrlary
P. 106
Керенауды тептім допша,
Қаскүнем ғой өмірмен.
Прогульге лағнат айттым,
Күрестім мен көмірмен.
Әлі дағы қарқынымды
Большевикше үдетем.
Қажыр-қайрат еңбегіммен
Отанды жаудан күзетем.
Міндетіміз жас комсомол
Отанды жаудан күзету.
Жалқауларды тезге салып,
Сын жолымен түзету.
ШАХТЕРЛЕРІМ, ДОСТАРЫМ 115
Шахтерлерім, достарым
Ұр еңбектің дабылын.
Мол өндіріп көмірді,
Арын қорға табыңның.
Түс одақтық жарысқа,
Үдет істің қарқынын.
Көрсін жауыз капитал
Айбатын қазақ халқының.
Көрсетіңдер күш-қайрат
Социалды жарыста.
Жер құйқасын шымырлат,
Соқ қайлаңды, қарышта!
Сыбан білек, түр жеңді,
Ұлы дүбір шабыста.
Алайық үлгі Донбастан,
Одан артта қалыспа.
Қызсын еңбек, қарқын күш,
Қайнасын майдан, қызық іс.
Берейік көмір біз артық
Көрсеткіштен күнде тыс.
Шахтер досым, еңбек ері,
Шабудан көмір жалықпа.