Page 113 - karagandy_zhumyszhylarynyn_angime_zhyrlary
P. 113

Сен  қырағы  жұмыскерсің  осы  күн,
                          Екпінді  боп  еттің  еңбек  күндіз-түн.
                          Бүгін  таңда  сен  жүмыскер   қарулы  —
                         Жасаушысы     социалдық   тұрмыстың.

                         Сен  жұмыскер   техникамен  танысқан,
                         Сен  жүйріксің  табысқа  жеткен  табыстан.
                         Сен  екпінді  жаңа  өмірдің  күшісің
                          Қан  майданда  тап  жауымен  алысқан.

                         Таптың   мүңын,  еңбек  жырын,
                         Кілтін  бүрап  еңбектің,
                         Қайрат  пенен  кілтін  аштың,
                         Саған  сенем,  сенбекпін.






                                  ҚОЛДАСБАЙҒА   12 3
                         Өткең  күн  есіңде  ме,   Қолдасбайым?
                         Еске  алар  сол  бір  күнді  келді  жайым.
                         Асты  су,  тар  забойда  шана  сүйреп,
                         Жүретінің  кетпейді  естен  дәйім.

                         Дарыған  удай  болып  жұртқа  зәрі,
                         Міне  енді  сол  бір  күндер  өтті  бәрі.
                         Бақытты   большевиктер  заманында
                         ЬІнтамен  етуде  еңбек  жас  пен  кәрі.




                              ЖЕР  БАРАҚТАР  ҮЙІНДІДЕЙ
                                    ЖАЛПАЙЫП   12 4
                         Жер  барақтар  үйіндідей  жалпайып,
                         Тек  пештері  төбесінде  қалқайып.
                         Шахта  астынан  шыққанда   біз  бір  кезде
                         Тұрушы   едік  «қайсы  еді»,  деп  аңқайып.

                         Енді  міне,  үйімізді  көрсеңіз
                         Шыға   алмайсыз  әсемдіктен  енсеңіз,
                         Биіктігі  аспанменен  тілдескен
                         Сондай  биік  біздің  дағы  еңсеміз.
                         Радио,  патефондар  сайрайды,
                         Электрдің  нұр  сәулесі  жайнайды.
                         Қабырғадан   паровойлы  пеш   қызып,
                         Еш  түтінсіз  үйдің  іші   қайнайды.
   108   109   110   111   112   113   114   115   116   117   118