Page 110 - karagandy_zhumyszhylarynyn_angime_zhyrlary
P. 110
Жүсіп пенен Әндрейің —
Ән қосады көмірге.
Екпін беред, үлгі төгед
Социалды өмірге.
Қарағанды комсомолын
Шақырады жарысқа.
Ұмтылыңдар, жас большевик,
Сол жарыстан қалыспа!
ҚАРАҒАНДЫ — ҚАРА
АЛТЫН 119
Қарағанды — қара алтын,
Саяз емес жал алтын,
Еңбекшінің ұлдары,
Ерінбеңдер, қаз алтын.
Мына олжаға белден бат!
Қарағанды — қара алтын,
Таусылмайтын бар алтын.
Тізілген вагон лық толы,
Болып жатыр сары алтын.
Жұмса күшті қарқындат!
Қарағанды — қара алтын,
Өлшеуі жоқ мол алтын.
Игілікке жұмсалып,
Жатыр енді ол алтын.
Қайланы құрш жарқылдат!
Қарағанды — қара алтын,
Қойнын аштық толы алтын,
Еңбекшінің ұлына
Болар азық сол алтын.
Көрсет күшті айқындат!
Қарағанды — қара алтын,
Бас-аяғы бәрі алтын,
Қажымаймыз, талмаймыз
Өкшеміздің нәлі алтын.
Соқ қайланы, тарсылдат!
Қарағанды — қара алтын,
Өткелі жоқ жар алтын,
Жұмысшылар жол ашқан,