Page 107 - karagandy_zhumyszhylarynyn_angime_zhyrlary
P. 107

Бар  ма  бақыт  адам  үшін,
                                    Етуден  еңбек  халыққа?!

                                    Арам  сирақ  жалқауларға
                                    Арамыздан   орын  жоқ.
                                    Еңбек  етсе  адал  ниет,
                                    Сол  адамның  қарны  тоқ.

                                    Жер  астында  қара  көмір  —
                                    Қара  жақпар   жарылсын.
                                    Домынаңда,   зауытыңда
                                    Алтын  шырақ   жағылсын.

                                    Ұшыр   күлін  олқылықтың
                                    Қайта  келмес  алысқа.
                                    Кем-кетікті  түгел  жойып,
                                    Жет,  ие  бол  табысқа.

                                    Отан   қойған  шарт  міндетін
                                    Істе,  орында,   қарышта!
                                    Отан   қорғау  игі  міндет
                                    Басқалардан   қалыспа.





                                     ҚҰРЫШ   ДЕНЕ  ТӨРТПАҚ
                                             КЕЛ ГЕН  116
                                  Құрыш   дене  төртпақ  келген,
                                  Шын  ынтамен  жұмысқа   енген,
                                  Ер  Аманжол*  арыстандай
                                  Қайтпас  жігер  өзі  сенген.
                                  Шахтада  от  көмір  шауып,
                                  Жарыста  озып,  олжа  тауып,
                                 Үлкен  ойда  отыр  еді,
                                  Бір  нәрсеге  көңіл  ауып.
                                 Ауылдан   келген  жастау  бала:
                                  —  Аманжол   аға,  бермен  қара !  —
                                  Бірін  шахта   қолмен  нұсқап,
                                  Сұрай   қойды:  «Мынау  не  аға?!»
                                  —  Құлағың  сал,  жаным,  інім,
                                  Естір  болсаң  шахтер  сырын.
                                  Туған  еңбек  толқынында,
                                  Естірсін  сан  ерлер  жырын.
                                  Күнде  думан,  мұнда  жиын,
                   *   Қарағанды  көмір  бассейнінің  2-шахтасында  1930  жылдан  1934  жылға  дейін
                забойщик  болып  жұмыс  істеген  адам.  1934  жылы   қайтыс  болған.
   102   103   104   105   106   107   108   109   110   111   112