Page 111 - karagandy_zhumyszhylarynyn_angime_zhyrlary
P. 111
Уыс-уыс қолы алтын.
Үдет қарқын алтындат!
АШ САНАҢДЫ 120
Сорлы әйел ең
Жасың төккен,
Мөлтілдетіп көзіңнен.
Еңбегің еш боп,
Күңдік дес боп,
Ерік кетіп өзіңнен.
Бай-бәйбіше,
Таяғын неше,
Жедің болып тоқал, күң,
Аш-жалаңаш,
Жүрдің рас,
Кеудең толған шерлі мұң.
Ойлап па едің?
Ойға ап па едің?
Сол жасыңды тиям деп.
Ерік алып,
Еңбегім жанып,
Ақыл, есім жиям деп.
Шаттанып ойың,
Жадырап бойың,
Күнің бар ма ед жүретін?
Малға сатсын,
Зорлап жатсын,
Сен емес пе ең көнетін?
Ақсақалдық,
Былық-шылық
Бәрі құрып ақырында.
Теңдік алдың,
Сүйгенге бардың
Октябрьдің таңында.
Оны ұмытпа
Туыңды ұста,
8-март дәл бүгін.
Мәңгі өмірлік
Жүректе иық
Сақталарлық айқын күн.
Өндіріске өт,
Ілгері кет,
Ие бол табыс міндетке.
Үйреніп жол,
Екпінді бол,