Page 112 - karagandy_zhumyszhylarynyn_angime_zhyrlary
P. 112

Араласып   қызметке.
                            Аш  санаңды,
                        Қой  алаңды,
                            Жоғарылат   туыңды.
                        Өндірісте
                        Еңбек  істе,
                            Сертің  осы  бүгінгі.






                               ШЫНЫҚҚАН     ҚАЙНАП
                                    ЕҢБЕККЕ  121
                        Шыныққан   қайнап  еңбекке
                       Жемісін   еңбек  бермекке.
                       Қара   алтынға  шахтерлер
                       Комбайн   салды  әкеліп,
                        Қызығын  оның  көрмекке.
                       Шахтерлерім,   ерлерім
                       Ағызып   болат  көмірмен,
                       Соққы   бер,  Гитлер  жендетке.
                       Сен  жасаған  «Катюша»
                       Салуда  жауды   мол  дертке.
                       Отандық   соғыс  майданы,
                       Майданда   жігер   қайнады.
                        Нормаңды   артық  орында,
                       Қыздыра   соқ,  қайлаңды.





                                  ЖЕҢЕШЕМЕ   12 2
                       Күні  кеше  жүрген  жерің  тұман  ед,
                       Бағытың   жоқ,  түрағың  жоқ  күмән  ед,
                       Алды-артыңнан   торын   жайған   қара   құрт
                       Қараңғыда  қанды   сорған  жылан  ед.

                       Айдауында   жауыздардың    зарлап  ең,
                       Жан   болсаң  да  мал  орнына  жүрдің  кем.
                       «Қара  тұман   қашан  атар  айығып?» —
                       Деп  зарығып  алтын  таңды  күтіп  ең.

                       Атты  алтын  таң,  жарық  сәуле  нұр   шашты,
                       Таңды  көріп  сен  де  жайдың   құлашты,
                       Өмір  бойы  зар  жылаған  сорлы  әйел
                       Еңбекші  ел  боп  басын   қосып   құрасты.

        8—138               .           113
   107   108   109   110   111   112   113   114   115   116   117