Page 5 - karagandy_zhumyszhylarynyn_angime_zhyrlary
P. 5
Қ АРАҒАНДЫ ЖҰ МЫСШЫЛАРЫНЫҢ Ө Л Е Ң - Ж Ы Р Л А Р Ы
МЕН АҢЫЗ-ӘҢГІМЕЛЕРІ ТУРАЛЫ
I
Мәдениет байлығының жасалуында еңбекші халықтың ролі зор.
«Ол — мәдениет байлығының таусылмайтын бір ғана құнарлы бұ-
1
лағы» . Мәдениет байлығының күрделі бір саласы — халықтық шы-
ғармалар, ауыз әдебиеті.
Өткен ғасырдың 50-жылдарында туып, XX ғасырдың бас кезін-
де қалыптаса бастаған жұмысшы табының өлең-жырлары мен
аңыз-әңгімелері қ азақ халқының ауыз әдебиеті мұрасына жатады.
Ол жырлар мен әңгімелер қазақ жұмысшыларының біз білмейтін
жағдайларын толығырақ түсіндіріп, әр жақты баяндайтын шежіре-
ге ұқсас.
Алексей Максимович Горький: «Халықтың ауыз әдебиетін біл-
мейінше, еңбекші халықтың тарихын да, шын мәнінде білуге бол-
2
майды» , — дейді. Олай болса қ азақ жұмысшыларының өлең-жыр-
лары мен аңыз-әңгімелері халқымыздың мәдениет байлығын мо-
лайту үшін ғана емес, жұмысшы табының таптық санасының қа-
лыптасу тарихын зерттеу үшін де құнды материал екендігін атап
айту керек. Жұмысшы табының тарихын зерттеуде тек архивтерде
ғана сақталған материалдарға сүйену жеткіліксіз болады. Жұмыс-
шылардың ой-пікір, сол өмірге деген көзқарастары тек өздерінің
арасында күнделікті өмірімен байланысты туып жатқан өлең-
жырлары мен аңыз-әңгімелерінде, мақал-мәтелдерінде де айты-
лады.
В. И. Ленин В. Д. Бонч-Буревичпен бір әңгімесінде халықтың
сыры мен сипатын мазмұнына түйген сол халықтың терең мағына-
лы, сырты жұпыны шығармаларын аса зор бағалады.
«... халықтық шығармалар, — деді В. И. Ленин — олардың әр
3
кездегі көзқарастарын көрсетеді...» .
Демек, қазақ жұмысшыларының да аңыз-әңгімелері мен өлең-
1 М. Г о р ь к и й . Литературно-критические статьи. М., Гослитиздат, 1947,
стр. 26.
2 М . Г о р ь к и й . О литературе. М., 1953, стр. 709.
3
«Советская этнография», 1954, № 4. стр. 120.