Page 52 - Сборник эссе
P. 52
Әлия, Мәншүк – шығыстың қос шынары,
Оларды да қатал соғыс сынады.
Отан үшін жанын берген ерлігі,
Қазақ үшін тек биікте тұрады.
Кім шекпеді бұл соғыстың зардабын,
Ел, жер үшін құрбан етті жандарын.
Осы өлеңді асыл текті қазақтың,
Ел қорғаған ерлеріне арнадым.
Жүректе соғыс сызы жатыр әлі,
Қазағымның жаужүрек батырлары.
Ыстық ұя, алтын бесік, туған жердің,
Топырағының құшағында жатыр бәрі.
Соғыс қасірет, емес қызық ертегі,
Қанша жанның өзегін ол өртеді.
Сол соғысты көзбен көрген жандардың,
Жүрегінен жазылар ма дерт емі?!
Тілеймін енді соғыс болмағанын,
Көк аспанды қара бұлт торламағын.
Қарс айырып аналардың жүректерін,
Көрмейікші жетімдердің сорлағанын.
Ер есімі – ел есінде мәңгілік,
Ұрпағымыз шырқайды оны ән қылып.
Есімі мен ерлігі әр қазақтың,
Көкейінде тұрар мәңгі жаңғырып.
Бұл соғыста талай жанның қаны ақты,
Ғасырға теңеп әрбір өткен сағатты.
45-тің 9-шы жұлдызында,
Жеңіс туын желбіреткен таң атты.
51