Page 50 - Сборник эссе
P. 50
Қолымда қару мылтығым,
Қорықтым білмейм үркідім.
Қызуда қызу жан беріп,
Білмейміз езу күлкіні.
Қадірін біліп әр күннің,
Түрімде суық салқынмын.
Апталап соғысып жатырмыз,
Батыр болуға талпындым.
Деп едім менде өтермін,
Өкінішін айтып бекердің.
Окопта жатып сезгенім,
Отанды сүйед екенмін.
Қорықпай сонда жауымнан,
Айырылып аға , бауырдан.
Біздің командир болыпты,
Момыштың ұлы Бауыржан.
Дұшпандар досқа күледі,
Жеңіс ғой елдің тілегі.
Бауыржанның сарбазға,
Айналайындай жігері.
Бауыржан нағыз ер еді,
Майданда сол ед керегі.
Қорыққан ел қорғамас,
Ер туы - намыс себебі.
Қатаң тәртіпті бекітті,
Соғыс шегіне жетіпті.
Тірімін, аман есенмін,
Төрт жылым өтіп кетіпті.
49