Page 57 - Сборник эссе
P. 57
ЖАЗЫЛМАҒАН ЖЫР
Бақытты түзеп білгенімменен,
Болса да сырлы күндерім кенен.
Махаббат атты мәңгілік жырға,
Жуықтай алмай жүргенім неден.
Арымды қосып сүйікті ойыма,
Тағылымды да жиып бойыма.
Армандарымды көтеріп көкке,
Махаббатымнан биік қойдым ба?!
Бақытты мұңмен тербедің деме,
Білмедім, жатқа сенбедім неге.
Махаббат жырын жаза алмай жүрмін,
Шын сүйіп, әлде, көрмегенім бе?
Бойжеткен шақтың тұсындағы кең,
Бейкүнә ойдан қысылған ба ем.
Махаббат жырын сызылта алмадым,
Бозбала қолын ұсынғанымен.
Көрдім бе ерек сиямды мұрам,
Іздеп пе бақты қиял жырынан.
Махаббат жайлы сол бір өлеңдер,
Шыға алмады ма ұяңдығымнан.
Күттірмей-ақ, жылатпай, торықтырмай,
Сүйер едім жәрдемшім болып Құдай.
Жүрегімді ойланбай жұлып берер,
Жүрмін бірақ сол жанды жолықтырмай.
Оңашада білдірмей сызданамыз,
Ұяң халық, біз сондай қыз баламыз.
56