Page 48 - Сборник эссе
P. 48
Патшаның дұрыс байламы
Карантин деп байлауы!
«Үйде бол!», «оқшаулан!»,
Өшіктірмеудің пайдасы!
Өткеріп едік талайды
Атар таң да арайлы
Сынаққа да сабыр қып,
Тұғыры биік Отаным,
Төзімменен қарайды!
Дінжан ҚҰСАЙЫН
ҚАҺАРМАНДАР ЕСІМДЕРІ ҰМЫТЫЛМАС!
Мен - Бауыржан қолбасшымын даңқты,
Мінезімен таң қалдырған сан ұлтты.
Ерлігі мен рухты болған жүрекпен,
Қорғап қалған қазақ дейтін халықты.
Мен - Талғатпын аңыз қазақ сұңқары,
Мен жауынгер, мен қазақтың ұрпағы.
Екі мәрте кеңестің батырымын,
Ұшқыш және барлаушының сұлтаны.
Мен - Сұлтанмын ұнатпас жалпы шеңдерді,
Қазағым соғыс атауын мүлде көрме енді.
Жау дзотын жабу мақсаты үшін мен,
Пулеметші боп тосып ем жалғыз кеудемді.
Мен - Мәлікпін панфиловшы, батырмын,
Мен жазушы,қаһарманмын ақынмын.
47