Page 54 - Сборник эссе
P. 54

Жаратқаным, осынау ұлы жаннан,
            Қуаныш пен бақытты аямағын.

                                           Қайрат РИСПАНБЕТОВ


                                 ЖЕҢІС ЖЫРЫ

            Гитлердей енді малғұндар,
            Келмес-деп, қайта сенеміз.
            Өтсе де, қанша сан жылдар,
            Жеңісті жырлап келеміз.
            Өткізген, талай азап күн,
            Бауыржандардың қаны бар.
            Көтерген рухын қазақтың,
            Әлия, Мәншүк жаны бар.
            Түбінде жеңген Мәскеудің,
            Тарихта берген бағасын.
            Жиырма сегіз әскердің,
            Ұмытпас, атын Алашым.
            Келіншек жасы төгілді,
            Қоштасып, қайсар ерімен.
            Қазақтар көптеп көрінді,
            Майданның алғы шебінен.
            Күтетін хатты тамылжып,
            Артында қалған аналар.
            Ашқұрсақ, тылда абыржып,
            Жетпеген онға бала бар.
            Немістер келіп, жығылды,
            Қалмады қауқар, айбары.
            Рейхстагқа тігілді,
            Рахымжандардың байрағы.
            Бұл жолда жанын берген көп,
            Құртуға көзін немістің.



                                          53
   49   50   51   52   53   54   55   56   57   58   59