Page 51 - Сборник эссе
P. 51

Елге оралып ту алып,
            Өтуде бірақ баяу күн.
            Жеңіске жетіп қуанып.
            Мен сол сәтте оянып.


                                        Гулстан МЫНЖАСАРОВА

                 СОҒЫС - ҚАСІРЕТ, ЖЕҢІС - ҚҰРМЕТ!


            Осы соғыс талай жанды жылатқан,
            Ақты ғой қан, су аққандай жырақтан.
            Талай-талай қыршын жандар қиылды,
            Өте алмай «соғыс» деген сынақтан.


            Соғыс, соғыс, қанды майдан оқ атқан,
            Талай ана жан баласын жоғалтқан.
            Денесінің жартысын ғана алып қайтқан,
            Азаматтар қаншама ғой сол жақтан.


            Көп адамдар қайтқан жоқ қой сол жақтан,
            Нағыз ерлер фашистерге оқ атқан.
            Ерлігіне бас иіп, құрметпенен,
            Оларға арнап ескерткіштер орнатқан.


            Көрді адамдар боялған қанға даланы,
            Сол сызаттан жүрек әлі жаралы.
            Адамдардың жанын жұтқан сұм тағдыр,
            Аямады жетім қалған баланы.


            Ақтап шыққан қазағымның сенімін,
            Өшпейді аты Нүркен сынды ерінің.
            Алау басып, от кешкен ерлігі үшін,
            Сақталады мәңгі есінде елінің.



                                          50
   46   47   48   49   50   51   52   53   54   55   56