Page 49 - Сборник эссе
P. 49
Сарбаздарды құтқарып қалу міндетім,
Сол жағын ойлап түндерімді батырдым.
Мен - Қасыммын партинзанмын, барлаушы,
Өз өмірін халқына ғана арнаушы.
Әділдікті - мықтылық деп түсініп,
Батырлар ізің, тектілер ізің жалғаушы.
Мен - Әлия батырдың өзі мергенмін,
Рухым бар менің қазақ дейтін елденмін.
Мен Мәншүкпін пулеметші қырағы,
Елімді сүйіп отанды жақсы көргенмін.
Мен - Рақымжан лейтенантпын бірлікпін,
Бірлік болғанда он бағасы бар тірліктің.
Қырағының өзі де, көзі шын батыр,
Сондықтанда Рейхстагқа ту тіктім.
Мен - Қазақпын барлығы дана асылдар,
Тәуелсізбін 27 дей жасым бар.
Батырлар жүректесіздер мәңгілік,
Өтсе де мейлі - жетпіс бес мың ғасырлар.
ҰЛЫ ЖЕҢІСКЕ 75 ЖЫЛ!
Адам көп күйді кешеді,
Оянып тұрдым нешелі,
Бір досыма айтып ем,
Жағдайды болған кешегі.
Досым-ау түсін түсінбе,
Мен майдандамын түсімде.
Немістермен соғысып,
Жүр екем окоп ішінде.
48