Page 56 - Сборник эссе
P. 56

Шашын жайып жас келін зарлап жатты,
            Көрпе астына жасырған бар ғажабын.

            Мырс етеді молалар айтары бар:
            «Әлің жетсе, қанеки, қайтарып ал».
            Қара жолға жетім ұл көп қарайды,
            Әкесінен қалған тек байпағы бар.

            Қара оранған қорасы, ескі үй, бағы,
            Қарт анада жоғалған есті иманы
            Лағынетін жаудырды Тәңіріне,
            Ол – ақиқат, зарыңды естиді әлі.

            Естігенмен не пайда енді бәрі?
            Отын жарып келмейді ол  ендігәрі.
            Қалғаны одан еліне – ерен ерлік,
            Ал анаға қалғаны – ер қабірі.

            Күңіренді көк аспан арта мұңы,
            Оққа ұшқанда ардақты, арқалы ұлы.
            Қарт Каспийде көз жасын тыя алмады,
            Қан жоса боп қарғанды Хантәңірі.

            Болса-дағы кей кезде өкпөлі өлең,
            Шықпаса да сан шумақ түйдектеген.
            Қасиетін жеңістің қадір тұтам,
            Мұра болған көз жаспен, бейнетпенен.

            Естеліктер өшпейді күн өткенде,
            Тыныштықта таусылмас тілек мүлде.
            75 жыл жалғассын мәңгілікке,
            Жарылмасын бомба да, жүректерде.




                                          55
   51   52   53   54   55   56   57   58   59   60   61