Page 55 - Сборник эссе
P. 55

Бұл жеңіс оңай келген жоқ
            Қадірін білсек жеңістің...

                                   ӨМІР МӘНІ


            Білмейміз де қайда апарып соғарын
            Қайда қарай бағыт алды кемеміз
            Бұл жалғанның қарсы соққан боранын
            Байқамаймыз, аңдамаймыз неге біз?
            Маңдайдағы ауырлықты көтере
            Бір Алланың елемейміз сынағын
            Қайтем енді жазылған ол шекеме
            Кейде тұрдым, кейде қайта құладым
            Жаспын дейді, жасамайды еш тірлік
            Дәл осылай талай адам құр қалған
            Екендігін ұмытамыз бес күндік
            Ешкімді де аямайды сұм жалған
            Бұл өмірге берер болсаң тағы мән
            Бетсіздер көп шығып жатқан белеске
            Бір бақаның басқа қонған бағынан
            Шын сұңқардың соры артық емес пе?

                                             Ақниет ТАҒЫБЕРГЕН


                                        МҰҢ


            Қайғылы қала маңы, дала маңы,
            Кер соғыс кең жүректі жаралады.
            Отырды азалы ана көлеңкеде,
            Еске алып ерте кеткен балаларын.


            Арасында ұлы шу, даңғазаның,
            Қабылдап ап тағдырдың жанға азабын.



                                          54
   50   51   52   53   54   55   56   57   58   59   60