Page 53 - Сборник эссе
P. 53
Атты ғой таң нұрын шашып, ағарып,
«Жеңіс» - деген жайылып жақсы жаңалық.
Соғыс бітіп, қол жетіп азат күнге,
Орнады шаттық барша әлем жаңарып.
75 жыл, әр күн сайын уақыт санап,
Ардагерлер саны да кеміп барат.
Жұлдыздары сөнсе де, ел есінде,
Ерлер деген атақпен мәңгі қалат!
АНАҒА АРНАУ
Осынау жер шарында құндақтаған,
Анашым кім бар сенен қымбат маған.
Сенің ғана дауысыңмен әлдиленіп,
Саған ғана жүректегі сырды ақтарам.
Жырақта жүріп түсіндім қадіріңді,
Өлеңмен жеткіземін сағымымды.
Маматайым ортамызға төге берші,
Аналық ақ жүрекпен жарығыңды.
Қаламға болғаныммен жақындығым,
Әлсіреп тұр-ау әттен ақындығым
Өзің жайлы тарау-тарау кітап жазып,
Өлең жолға қосар ем атыңды мың.
Шыдап келдің талай тағдыр егесіне,
Асып өтіп қиындықтың белесінен.
Өмірің енді сені жылатпасын,
Түсірмесін бақыттың кемесінен.
Қиналғанда өзіңді саяладым,
Көмегің мен жылуыңды аямадың.
52