Page 47 - Сборник эссе
P. 47
Батыр елдің ұрпақтары әрқашан
Ардагерін ұлықтаумен өседі!
Жеңіс бізге оңайлықпен келмеді,
Аталардың ерлігімен кеп еді
Тылдағылар еңбегімен демеді
Құлындарым аман келсе екен деп,
Аналар дұғаларымен жебеді!
Бұл саябақ бейбіт елдің тірегі,
Соғыс болмасын деген тілегі!
«Жеңіс күні» саябаққа келеді,
Елін қорғар туған елдің түлегі
Ерліктеріне тағзым етіп жүрегі
Сағынышын саябақта басып ап,
Кеудесіне жеңіс бауын тігеді.
Саябақта сырымды мен шертемін.
Сол жерде таптым талай дерт емін,
Елімнің болашағы алаңсыз
Әруақтардың жебейтініне сенемін!
COVID – 19 ҚАРСЫ ВАКЦИНА!
Іңдеттің ауыр зардабы,
Әлемнің бәрін шарлады
Вирусқа қарсы ем болмай,
Шарасыз хәлде зарлатты!
Әлемді іңдет жайлауы
Вирустың күшті айласы
Бірлігі күшті елімнің,
Көрінер биіктен таймасы!
46