Page 46 - Сборник эссе
P. 46

Үшқазанның су толған қазаны да,
            Құт болып жаралғандай қазағыма.
            Таңбалытас бетіндегі таңбалары,
            Әр беріп тұрғандай бір ажарына.


            Сұңқарқия шыңына қол жетпеген,
            Ұштасып тұратұғын ол көкпенен.
            Туған жердің сөз жетпес табиғаты,
            Жөргектегі баладай өбектеген.


            Қасиетін білетін ана тілдің,
            Жыры болған Бесоба сан ақынның.
            Сендегі кереметті жырлау үшін,
            Ақын болып мен дағы жаратылдым.


                                                        Абай ҚОМАР

                              ЖЕҢІС САЯБАҒЫ!


            Саябаққа мен келемін үнемі
            Оның бір-ақ ғана себебі
            Қан майданда қаһармандық көрсеткен,
            Боздақтарыма тағзым етем(ін) кешегі!


            Бейбіт күн баяндасын елімді
            Жауыздар босатсын деп жерімді
            Сұм соғыста жараланып жатса да,
            Қас дұшпанға айбат шеккен, сенімді!


            Самал желмен ерлік үндері еседі
            Боздақтардың әруақтары деседі
            Мәңгі алаудың отты жалыны,
            Ұрпақтарым аман болсын дегені



                                          45
   41   42   43   44   45   46   47   48   49   50   51