Page 44 - Сборник эссе
P. 44
Майдандағы жауынгер - асыл үміт,
Қорықпайды оқтан да жасын жігіт.
Бейбітшілік таңын ол арман етіп,
Ажалына тұрғандай басын тігіп.
Бір қолында күрегі, мылтығы бар,
Шинелінің оқ тескен жыртығы бар.
Жауынгердің әні жоқ, әлі де жоқ,
Қалжыраған, шаршаған, ыңқылы бар.
Шегінуге болмайды, тек алдыға,
Озып шықты жауынгер шеп алдына.
Кеудесімен оқ тосып жүріп кетті,
Отан үшін от құшып кек алды да.
Құлады да қисайып жамбасымен,
«Жеңіс» - деді айқайлап бар даусымен.
Фашисттердің құлатты рух - жігерін,
Зеңбірегі байланған арбасымен.
Бітті соғыс, жоқ майдан, жеңіс келді,
Қырық бесте ағаштар жеміс берді.
Төсіндегі жарасы жер ананың -
Бомбалардың орыны тегістелді!
ТУҒАН ЖЕР
Бесоба Жамантастың етегінде,
Тең келмес сұлулық бар шетеліңде.
Биязы жомарт анық халқы да оның,
Кетпейтін қаңқу сөздің жетегінде.
43