Page 43 - Сборник эссе
P. 43

Бағаласаң жаным егер сен мені,
            Мәңгі жаным қасыңдамын біргемін.

            Мінезің бір күркіреген жауындай,
            Мінсе дағы қаһарына тайынбай.
            Жетер тасқа қара бұлтың жетсе де,
            Жек көріпте, ұнатасың жауыңдай.

            «Сүйемін»деп айту саған қиын ба?
            Шар айна басыңдағы жиын да.
            Сүйіп түрып, жылатасың басқаша,
            Қарап тұрып қуантасың тағы да.

            Кейде өзімшіл тәкаппарсың білмейсің,
            Мінезімді біліп тұрып жөндейсің.
            Кейде өзіңше қызғанасың тергейсің,
            Сезімімді біле тұра сенбейсің.

                                                     Бектас ЖҰМАН


                        МАЙДАНДАҒЫ ЖАУЫНГЕР
              (майданда қаза тапқан жауынгерлер рухына
                                       арнау)


            Қанды майдан, өлген ер, атылған оқ,
            Айырылған адамдар жақыннан көп.
            Рейхстаққа тігілген жеңіс туын,
            Шығаруға жадымнан  қақым да жоқ.


            Ана жылап, жар жоқтап асыл ерін,
            Қыршынынан киді ғой жасың кебін.
            Шаңырақтың шырағы сөнгендей боп,
            Қабырғасы құлады тас іргенің.



                                          42
   38   39   40   41   42   43   44   45   46   47   48