Page 28 - Сборник эссе
P. 28

Талай ұлттар тәуелді боп бөтенге,
            Салт дәстүрін, дінін, тілін ұрлатқан.

            Тәуелсіздік айтам сені ән қылып,
            Бар дүниені тұрған өзің сәнді ғып.
            Өсе берсін, өне берсін қазағым,
            Мәңгілік ел тәуелсіз боп мәңгілік!



                            МЕН СЕНІ ҰМЫТТЫМ


            Мен сені ұмыттым, күмәнің болмасын,
            Үзілген үмітің таппасын жалғасын.
            Қақпасын жаба сал пайдасыз сезімнің,
            Тамшысын сүрте сал соңғы рет көзіңнің.


            Біздегі махаббат-махаббат жауапсыз,
            Біз батқан кемеміз, тоқтаған сағатпыз.
            Тағатсыз күттірген кездерге күле сал,
            Ой келсе біз жайлы көзіңді іле сал.


            Іле сал көзіңді ештеңе ойлама,
            Сағынба, іздеме, ұмытшы жай ғана.
            Бағынба жүрекке ақылмен тап шешім,
            Мен емес, Тәңірім басыңа бақ берсін.


            Мен сені ұмыттым, күмәнің болмасын.
            Жүректе құлып тұр, күлкіден сор басым.
            Тағдырға күліп тұр кекесін жүзбенен,
            Біз деген үміт құр, мен болып ізденем.








                                          27
   23   24   25   26   27   28   29   30   31   32   33