Page 24 - Сборник эссе
P. 24

Баталы Бауыржандай батыр ұлы,
            Әлия мен Мәншүктей қызы бар ел.

            Алғаш рет арғымақ баптаған ел.
            Ата-баба дәстүрін сақтаған ел.
            Жеті қат көк астынан жай беріліп,
            Жеті қат жер үстінде бәйге қылып,
            Жеті атасын баласы жаттаған ел.


            Қыран сап, қырға шығып, тауға барып,
            Түз тағысын тек қазақ аулаған, ұқ.
            Қайрат, Ләззат, Сәбира жалын құшып,
            Желтоқсанның желіне жаурамадық.


            Жаңғырып жатса дәйім жоғалған үн,
            Қазағым, бірлігіңмен оңар бағың.
            Қайта көктеп келемін,
            Қайта оралып
            Көзімнен бұл-бұл ұшқан көп арманым!




                                 ТӘҢІР МЫҚТЫ

            Жылымды ұрлап сағаттар сағымды үкті,
            Жаным көктік, ал тәнім қабірлік-ті.
            Тақтаға да жаза алмас тағдырымды
            Тар маңдайға сыйдырған тәңір мықты.

            Қырдан өсек қашқанда, ойдан бір сын,
            Жоғалар жол іздедім қайран қыршын.
            Сыртың сөйлеп тұрғанын ұқпайтындар
            Ішіңде не жатқанын қайдан білсін.




                                          23
   19   20   21   22   23   24   25   26   27   28   29