Page 27 - Сборник эссе
P. 27

Соғыс жылын парақтасаң сан із бар,
            Тарих болды абыздар мен аңыздар.
            Жеңіс әнін бейбіт күнде шырқаған
            Бүгінгі ұрпақ кешегі ерге қарыздар!


                         ТӘУЕЛСІЗДІККЕ ТАҒЗЫМ

            Тәуелсіздік бізге оңай келген жоқ,
            Жан берістік алдық оны термен көп.
            Саз кешкенбіз, қан кешкенбіз сол үшін,
            Тәуелсіздер сыйлық қылып берген

            Уақыт жылжып заман талай өзгерген,
            Қайран қазақ қайыспады езгенмен.
            Асан Қайғы айтып кеткен ақ шортан
            Қарағайдың басын шалған кез келген.

            Аштықты да, соғысты да көп көрдік,
            Қиын қыстау кезеңдерді өткердік.
            Елім дедік, берілмедік сонда да
            Тәуелсіз ел атанамыз деп келдік.

            86 сеңді келіп бұзғаны,
            Бас көтеріп қазақтың ұл қыздары.
            Шүрегейге пана болмай біздің көл,
            Желтоқсанның сезілгендей ызғары.

            Жүрсе екен деп өз жерінде бек болып,
            Кете барды өр жастарым мерт болып.
            Елім деген,жерім деген ұл қыздар
            Мұз үстінде лаулап жанды от болып.

            Тәуелсіздік. Әр әрпі зіл батпан.
            Астарында қайғы жатқан,мұң жатқан.

                                          26
   22   23   24   25   26   27   28   29   30   31   32