Page 29 - Сборник эссе
P. 29
ЫНТАЛАНДЫРУ СЫЙЛЫҒЫ
Думан САЙДАЛИН
СОҒЫС АРДАГЕРІНІҢ МҰҢЫ
–Ассалаумағалейкум, атам менің,
Амансыз ба?
Неліктен қатал реңің?
–Уағалейкумассалам, құлыншағым,
Азайғаны қынжылтты қатар теңім.
–Мұңаймаңыз аташым, шың биігім,
Аласартты көңілді мұңды күйің.
Тірілердің жете алмай қадіріне
Еске алады екенбіз кімді кейін.
–Тыңда балам, ендеше соғыс үнді
Ерлік деп мен білмеймін ол ісімді.
Мен Отанды қорғауға міндеттімін
Ел алдында өтедім борышымды.
Жанды ойламай, арды ойлап бердім балам
Қол-аяғы сынғанға қол ұшымды.
Ауға тастап кетсе де мені біреу
Жауға тастап кетпеймін қонысымды.
–Бізге үлгі, жан ата, батырлығың,
Бұл қоғамда ессіз кім, ақылды кім?
Тәуелсіздік жолында таласып ең
Барында бағаланбай жатыр құның.
28