Page 26 - Сборник эссе
P. 26

ЫНТАЛАНДЫРУ СЫЙЛЫҒЫ







                                                     Абайбол КӘЛІМ

                                ТАУ ТҰЛҒАЛАР


            Соғыс деумен шарқ ұрғанда төңірек,
            Дала кезіп қаңғып жүрді өлім-оқ.
            Бала қалды асқар тауын аңсауман,
            Жары қалды тірегі үшін еңіреп.


            Ана қалды жалғыз ұлдың артында,
            Ер елі үшін қарқын қосты қарқынға.
            Отан деуден шаршамаған жүректі
            Арқалаған әрбір пенде тау тұлға.


            Тау тұлғалар!
            Өзендерің отаныңа қантамыр,
            Самал демнен тыныс алды Арқа бұл.
            Ескерткіш боп күзетіп тұр көз ілмей
            Туған жердің тыныштығын арқалы  ұл.


            Зұлмат жылдар жаурағанда жапырақ
            Жылыттыңдар өрт ішінен отын ап.
            Ерлігіңе куә барлық шартарап
            Анау аспан, мынау байтақ атырап!

            Тылдағы ердің қолын қиды күрегі,
            Маңдай тері топыраққа сіңеді.
            Табан етін жұлмаласа қара жер,
            Қан майданда жауды қырды жүрегі.



                                          25
   21   22   23   24   25   26   27   28   29   30   31