Page 23 - Сборник эссе
P. 23
Мың төрт жүз он сегіз күн,
"Жеңіс" деген бір сөзді күтті ғалам.
Берекесіз жылдар-ай, құт құлаған.
Ешкімге тізе бүкпей, о, бабалар,
Мен бүгін аяғымнан нық тұра алам.
Түсірмесін биігін еңсеміздің,
Тәңір, сақта, төбемнен төнсе құзғын.
Қайғы мен қуаныш боп қалады есте
Мың төрт жүз он сегіз күн.
ТӘУЕЛСІЗДІГІМ - ТҰҒЫРЫМ
Армысың, туған елім, байтақ далам,
Жауынан жеңіс алмай жай таппаған.
Туыңдағы бүркіттің бейнесінен,
Намысыңның өрлігін байқап қалам.
Талай мықты түссе де танып төрден,
Ажыратып алмаған алыпты елден.
Керей менен Жәнібек сан ғасырлық
Бірлігіңнің тұғырын салып берген.
Тіліңді, дініңді сүй. Сүй жүрекпен!
Далама құдай құтын құйды көктен.
Ақ киізге көтерген ақ патшасы
Қара қылды қақ жарып билік еткен.
Жасынан бейнет көрген жүзі нар ел,
Көрінген көзін сүзіп қызығар ел.
22