Page 31 - Сборник эссе
P. 31
Арыстан айбат ақырып, алға атылып,
Қалың жау келді шайқасқа!
Зеңбіректер тұр арлан ажалды шақырып
Бетпе – бет ашық айқасқа!
Қаһарлы бұл жау шықпақшы Невель төріне!
Құшағы жердің тарылды...
Бөтелке байлап баһадүр батыр беліне
Танкімен бірге жарылды.
Қан жоса дала! Жүрегі жердің жаралы,
Қатыгез жауға тапталған.
Жан сақтау үшін солдаттар қашып барады
Желкеден атқан оқтардан!
Жау төніп келді қанталап көзі қасқырдай
Невельге қалды тақап та.
Тұр, әне, жаудың аяғын алға бастырмай
Жаралы Мәншүк окопта!
Көпе – көрінеу ажалға қарсы оқ атқан,
Қан майдан Невель түбінде!
Қаршадай қазақ «Жар болшы» - дейді –
«жаратқан!»
Қасқыр қайсарлық үнінде!
Зеңбірегінен оқ жауып, түрі сұрланған,
Шегінбеймін – деп болмайды!
«Барындар қане! Мен қалам! Менсіз бұл жаудан
Сендерді кім кеп қорғайды?»
...Зіл батпан шинель, аяқта ауыр керзі етік,
Талдырмаш жас қыз қайратты.
30