Page 33 - Сборник эссе
P. 33

Бүгін, міне, аулақтау белден іргем,
            Сәлемімді жолдаймын елге кімнен?
            Қасиеттім, киелім, о туған жер,
            Көп қой сенен алғаным бергенімнен.


            Әр тұрғының шетінен мәрт, тамсанам,
            (Жерінеді қалалық шарттан санам).
            Көңлім - дархан, пейілім - кіршіксіз тым,
            Мінезім де, туған жер, тартқан саған.


            Бақыттарын еңбекпен бағалаған,
            Жайсаң жеңгем сағынтты, адал ағам.
            Аққуың  ем, туған жер,
            қоштасарда
            қия алмастан айдынын сабалаған.


            Арасында бақ-сордың жатыр маңдай,
            Қарбаластан қам көңіл аһ ұрғандай.
            Бір рет келіп дұғаңды бағышта деп,
            Атамның да мазары шақырғандай...


























                                          32
   28   29   30   31   32   33   34   35   36   37   38