Page 30 - Сборник эссе
P. 30
Азаттық пен еркіндік қайдан келген,
Ұлылардың арқасы майдан көрген.
Осы біздер сыйлықты неге аяаймыз
Тәуелсіздік сыйлаған майдангерден.
–Заман солай, қарағым, қапаланба
Ардагер деп ат берген аталарға.
Келешектен күтемін кемеңгерлік
Ақиқаттың ақ таңы атар алда.
–Батырдың рухы қонған айбары едім,
Ер жеткенде тереңге бойлар едім.
Бір-ақ рет жылына тойламаймын
Бір күн естен шығармай ойлар едім.
–Құлыншағым, айналдым ақылыңнан
Ата жолдан қалмапсың мақұрымнан.
Елім деген елеулі азамат бол
Үміт күтем өзіңдей батыр ұлдан.
Жеңіс күні гүл алып құшағыма
Алаңдарға аттанам шақырылған.
Сый көрсетем бағалы мүсіндерге
Мәңгілікке тас болып қатырылған...
ТАҒЗЫМ…
Теңселіп дүние, сұрапыл соғыс басталған!
Ер салар атқа шақ келді.
Найзадай оқтар найзағай болып аспаннан,
Кеудесін жердің қақ бөлді.
29