Page 25 - Сборник эссе
P. 25

Құлшыныстан арылдым, құса басып,
            Өңнен соқпақ таба алмай, түс адасып.
            Тек, түндерді "сырласым" деп ұққанда,
            Кеткім келді дұшпанға құшақ ашып.


            Берілгенде сын сағат - пендеге хәл,
            Жетесіздер жетеді-ау жерлеген ар.
            Бір кещеден қалғанда көңіл шіркін,
            Жер-жаханды жек көру менде де бар.


            Жарамсаққа іс түссе қазір ғана:
            Атақты - апа,
            Бай - көке,
            Азулы - аға.
            Пенделердің күнәсі пейілінде,
            Періштенің кінәсі жазуда ма?

            Бақыт бақи орнайтын бар ма шағы?
            Аяй берсең адамнан ар қашады.
            Соқа басың сорыңнан арылғанда,
            Бақа-шаян балаққа жармасады.

            Жаратқаным кетпедің жанымды ала,
            Тамызық бер мұздаған тамырға да.
            Көңілім-ай, күніне мың көмілген,
            Жүрегім-ау, қамалған қабырғама.

            Жылымды ұрлап сағаттар сағымды үкті,
            «Тағдыр» деймін, сонда да Тәңір мықты!










                                          24
   20   21   22   23   24   25   26   27   28   29   30