Page 32 - Сборник эссе
P. 32
Қаһарлы қалың жау қолына айбат көрсетіп,
Қорқыныш шебін жайратты.
Назалы Невель шаһары менен жау қолы
Қайратын қыздың көрді бек...
Қанға боялған Невель мен үміт соңғы оғы -
Мәншүк пен «Максим» зеңбірек!
Араны ашық ажал жемтікке асығып,
Бітетін емес ұрыс түк!
...Снаряд түсіп жас сүйек кетті шашылып...
Зеңбірек тынды...
Тыныштық!!!
Зарлады дүние күңіреніп күн, түн ұлып,
Запыран, өксік, шер құсып!
Сұр «Максимканың» алдында жатты қырылып,
Жетпістей неміс қырылып!..
..Тыныштық!!!
Жүрек тулаған енді тына алар,
Өтеді Отан парызын!
...Батыр Мәншүкке оқыған әрбір дұғалар,
Ерлікке деген тағзым!
АУЫЛДЫ АҢСАУ
Бұл тас қала алмады жанымды ұға,
Туған жерде атушы ед таңым құба.
Жүруші едім жәннаттың еркесіндей,
Махаббатпен сіңіріп шаңыңды да.
31