Page 22 - Сборник эссе
P. 22

ІІІ ОРЫН






                                                 Аружан ОРАЛБАЙ

                     МЫҢ ТӨРТ ЖҮЗ ОН СЕГІЗ КҮН


            Мың төрт жүз он сегіз күн,
            Оралмай сен әкеткен сан алыбым,
            Көбейіп қара қағаз, қаралы күн,
            Ұрладың әлдекімнің жастық шағын,
            Ұрладың әлдекімнің балалығын.


            Бір-ақ себеп бірлігін танытты елдің,
            Бірақ қалай әспеттеп, дәріптермін?
            Тылға апарып, ақ жаулық аналардың
            Тағдырын теперішке салып бердің.


            Дұшпанын сыры басқа сырты бірдей
            Сұм соғыс, еске алады кім түңілмей.
            Ерлерім күнін берді күлкі білмей,
            Күлкі білмей... Түндерін кірпік ілмей.


            Мың төрт жүз он сегіз күн,
            Қалың елдің күзетіп, қорғап бағын,
            Шегінбей, шепке түскен солдаттарым-
            Үміті мен тірегі бір-бір үйдің,
            Кеттің сен жалмап бәрін.


            Жаралының жазбаған жыры қалды,
            Жырында жанайқай мен мұңы бар-ды.
            Көлдей аққан қан менен жанар жасы
            Көлбеңдеп көз алдымда тұрып алды.


                                          21
   17   18   19   20   21   22   23   24   25   26   27