Page 15 - Сборник эссе
P. 15
Атажұртқа барғанда арқан тастап,
Ат суарар бір құдық қазып кеттім.
Қарашаш түн демігіп шықты еліріп.
Тіс жармадым тұрсам да іштен ұғып.
Қара қошқыл қабарды өңім сонда,
Құлаш-құлаш қыл арқан түске кіріп.
ЖАЛҒЫЗ БИЛЕТ
(баллада)
Театр кассасында
жалғыз билет қалыпты.
Біз екеу едік.
Cахнада – Р.Отарбаевтың
«Фариза мен Мұқағали»
поэтикалық драмасы.
Сұлулықтан асқан күш жоқ шынында!
Тал мүсінің шомылып кешкі нұрға
Театрдан шыққанбыз біз екеуміз,
көз байланған, шашбауың – қос бұрымда.
Иек артып арманға күбірледік,
Жыр оқыдық өткен шақ үнін бөліп.
Күйіне еніп бір жұтым дүниенің,
жылап алдық, ысыдық, дірілдедік.
Атқан таң – сен, дастан – сен
басқа менің
жазар жырым жоқ еді, рас, дәлелім –
сен от едің, жалын ең, өткір едің,
кекшіл едің, тәкаппар, асқақ едің!
14